Қызылорда: Украинадан гуманитарлық көмек келді
Kyzylorda-news.kz. Украинадан Сыр Еліне гуманитарлық көмек келді.Қызылорда облысындағы «Kusto Group» компаниясы Украинадағы Қазақстан елшілігінің қолдауы арқылы аймаққа дәрі-дәрмек қорын жеткізді.
Гуманитарлық көмек құрамында емдеу мекмелеріне қажетті 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісі мен 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісі әкелінген.
Бұл дәрі-дәрмек қоры облыстағы сұраныс білдірген барлық емдеу ұйымдарына таратылды.
Атап айтар болсақ, 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісінің барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілсе, сонымен қатар 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісінің 350-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, 360-ы Арал ауданаралық ауруханасына, Қазалы ауданаралық ауруханасына 360 қорап, Қармақшы аудандық ауруханасына 360, Сырдария аудандық ауруханасына 360, Жалағаш аудандық ауруханасына 360, Шиелі ауданаралық ауруханасына 360, Жаңақорған ауданаралық ауруханасына 360, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына 360 қорап таратылды.
Осы орайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмек қорын жеткізген «Kusto Group» компаниясына алғыс білдіреді.