Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!

АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!

Қазір мемлекетіміз әлемдік пандемияның таралуына байланысты күрделі жағдайды өткеруде. Ауданда коронавируспен қатар, пневмония дертінде шалдыққандар саны күрт өсім алды.
Осындай қиын кезеңде кәсіпкерлер мен қайырымды жандар игілікті іс жасап, мұқтаж жандардың алғысына кенелуде.
Бүгін Арал ауданаралық ауруханасына ел жанды азаматтардың демеушілігімен 1 дана оттегі концентраторы аппараты берілді.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Ибраев Ерлан 100 дана, жеке кәсіпкер Төлебаев Ардақ 30 дана оттегі баллонын алуға демеушілік жасады.
Өзге де жанашыр азаматтардың қаржылай қолдауымен 184 дана оттегі баллоны Арал ауданаралық ауруханасына табысталды.
Бұл қолдаулардың барлығы дертке шалдығып, ем қабылдап жатқан жандарға үлкен демеу болуда.
Сол үшін де жомарт жандарға зор алғысымызды білдіреміз!
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.


23 шілде 2020 ж. 1 191 0