Комиссия шешім қабылдады: Қазақстанда тағы қандай нысандар ашылады
Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды, деп жазды премьер-министрдің primeminister.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80%-ке төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады.
Ведомствоаралық комиссия қазіргі жағдайды ескере отырып, биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

- діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);
- бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 шаршы метр су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);
- жаттығу залдары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, алдын ала жазылу арқылы);
- спорт кешендері (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);
- мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-тен аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу);
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр, бетперде тағу);
- қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
«Барлық нысанға тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңір әкімдіктері денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талапты қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет», — деп атап өтті Тоғжанов.
Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырма берді.