Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » I-II тоқсанда балалар әліппені оқиды – Аймағамбетов

I-II тоқсанда балалар әліппені оқиды – Аймағамбетов

Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Әліппеге қатысты шешімді қабылдадық. Әліппенің жаңа нұсқасы мемлекеттік стандартқа енгізілді. Ол Әділет министрлігіне тіркелді. Қазіргі уақытта бағдарламаны дайындап, бекітуге дайынбыз, - деді министр.
Аймағамбетовтің айтуынша, бағдарлама Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесінің негізінде болады. 
Әдістемесінің негізінде деген, яғни сол жылдардағы әріптер сол негізде ғана болады деген сөз емес. Ең бастысы - әдістемесі. Сол әдістеменің негізінде қазақ тілінің өзіне тән қасиеттерін, өзіне тән мәселелерін біле отырып дайындау өте маңызды болып тұр. Мысалы оңайдан күрделіге көшу деген сияқты. Сондай-ақ дыбыстардың өзінің фонетикалық ерекшеліктері бар. Біз ғалымдармен бірлесе отырып осы бағдарламаны жасадық, - деді ол.
Министр I-II тоқсанда балалар әліппені оқитынын айтты.
I-II тоқсанда осы кітаптар енгізілгеннен кейін балалар әліппені оқиды. Ал 3-4 тоқсанда ана тілін оқиды. Бұл өте маңызды. Бұл жерде тек қана формальді жағы емес, ең бастысы мазмұны жағынан қарағанда балалар үшін тиімді болады. Балалар келіп дайын тұрған мәтінді ғана оқымауы керек. Себебі балалар 1-сыныпқа әр түрлі деңгеймен келеді. Сондықтан осы әдістемемен балалар оқуын бастайды деп отырмыз. Осы ретте тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде, - деді Асхат Аймағамбетов.
27 тамыз 2020 ж. 468 0