Коронавирустың көбеюіне тосқауыл бола алатын дәрумен анықталды

Зерттеу жұмысы IUBMB Life журналында жарияланған. Сарапшылар SARS-Cov-2 геномында болатын және вирустың көбеюіне жауап беретін nsp12-ді табиғи өнімдер мен дәрі-дәрмектердің арасында қандай молекулалар басуы мүмкін екенін анықтау үшін компьютерлік модельдеу жүргізді. Нәтижесінде В12 – метилкобаламин вирустық жасушалардың көбеюіне тосқауыл қоюға қабілетті болып шықты.
«Бұл инфекцияны жұқтыру ықтималдығын азайту үшін медицина қызметкерлері мен қарттарға және қосымша ауруы бар жандарға тағайындалуы мүмкін», – делінген хабарламада.