Сенат депутаты Жалағаш ауданына барды

Жұмыс сапарын Жалағаш ауданынан бастаған меймандар аудандағы аурухана құрылысымен және аудандық емхананың күзгі дайындығымен танысты.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Баян Бурамбаева Жалағаш аудандық ауруханасының эпидемияға қарсы іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы баяндады.
Жалағашта коронавирус инфекциясына қарсы күреске барлығы 182 қызметкер, оның ішінде 24 дәрігер, 138 орта буынды қызметкер, 20 кіші аяжан жұмылдырылды. 8 мобильді топ құрылып, мобильді топпен орындалған шақыртулар саны 960 болды.
Айта кету керек, наурыз-шілде айында медицина қызметкерлеріне 65 млн теңге көлемінде үстемақы төленді. Қазіргі таңда ауданда 4 өкпені жасанды желдету аппараты, 28 оттегі концентраторы бар. Бір айта кетерлігі ауданға қарасты барлық емханадағы шақыртулар саны 90 пайызға төмендеген.