Әріптесіміз басшылық қызметке тағайындалды

Тәжімұрат Әлжанов 1987 жылы 23 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2005-2009 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша оқып, бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылдан бастап «Халық» газетінде тілшісі, 2009 жылы жауапты хатшы;
2012 жылдан бастап «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңалықтар» қызметі бөлімінде редактор;
2015 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінде инспектор;
2016 жылдан бастап «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңалықтар» қызметі бөлімінде редактор, 2019 жылдан бастап «Арнаулы тілші» қызметін осы күнге дейін абыроймен атқарып келген.