Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қарттар күні 1 қазанда атап өтіледі

Қазақстанда қарттар күні 1 қазанда атап өтіледі

Қарттар күні 1 қазанда тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде аталып өтіледі. Бұл маңызды күн біздің қарттарымыз қолдауға мұқтаж екенін еске салады.

1 қазан күні кездейсоқ таңдалмаған: қарттық - бұл алтын уақыт, яғни «күз» мезгілімен теңеледі деген пікір бар, сондықтан аға ұрпаққа күз мезгілінің ортасында ерекше күн беру туралы шешім қабылданды.
Бұл күннің басты мақсаты - ғаламшардың барлық тұрғындарының назарын қарттардың мәселелері мен қиындықтарына аудару. Айта кететін жайт, мерекенің тіпті өз логотипі бар екен. Ол - ашық алақан, яғни мейірімділік пен көмек нышанын білдіреді.
Адамдар алғаш рет 70-ші жылдары қарттарға арнап мереке құру туралы ойланған. Әлем тұрғындарының қартаюы және егде жастағы адамдардың экономикаға әсерін зерттеушілері осындай ойға келді.
Мерекені алғашқылардың бірі болып, скандинавтықтар тойлай бастады. Біраз уақыттан кейін АҚШ зейнеткерлер үшін жылдың ерекше күнін бөлуге шешім қабылдады. Көп ұзамай мереке халықаралық мәртебеге ие болды. Ғаламшардағы барлық қарт адамдар үшін бұл маңызды оқиға 1990 жылдың желтоқсан айында өтті. Дәл сол кезде БҰҰ Бас ассамблеясы екінші күз айының бірінші күнін Халықаралық қарттар күні деп санау туралы шешімі бар қарар қабылдады.
Қазанның бірінші күні бүкіл әлемде әжелер мен аталарға, аналар мен әкелерге оларды қаншалықты жақсы көретіндерін айту үшін қоңырау шалу әдетке айналған.
Бұл күні теледидарда «өмір сыйлағандарды еске алуға» шақыратын әлеуметтік жарнамалар көрсетіледі.
Аға ұрпақ үшін әр түрлі акциялар, концерттер мен фестивальдар, қайырымдылық көрмелері, қойылымдар, спорттық жарыстар, киносеанстар ұйымдастырылады.
https://stan.kz/
17 қыркүйек 2020 ж. 1 087 0