«ИнфоҚазақстан» – бизнеске көмек
Елдегі пандемияның зардабы барлық салаға ауыр тигені белгілі. Соның ішінде шағын және орта бизнес күрделі кезеңді басынан өткеруде. Кәсіпкерлік салаға тигізген зияны тіпті мол. Президент биылғы Жолдауында шағын және орта бизнестің қызметін реттейтін жаңа нормативтік-құқықтық базаны келесі жылы әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керек екендігін айтты.
Кәсіпкерлердің жұмысын тоқтатпау мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызметті жаңарту жөніндегі алгоритмдерді іске асыру шеңберінде тамыз айынан бастап «ИнфоҚазақстан» электронды платформасын іске қосты. Аталған платформа барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, бизнеске карантин режимінен шығуға көмектесетін цифрлық шешім болмақ. Бұл платформа кәсіпкерлерді кабинеттерді аралап, құжат жинаудан босатады
Платформаның қарапайым интерфейсі қысқа мерзімде төрт қадам арқылы санитарлық нормаларға сәйкес актісін алуға мүмкіндік береді. Яғни «ИнфоҚазақстан» сайтына кіріп, ұйымыңызды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, кәсібіңізге қойылған талаптармен танысасыз. Бизнестің жекелеген түрлері жұмысын тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастай алады. Кәсіпкерлер бизнестің жұмыс істеуге дайындығы туралы өтінішті жүктеп, санитарлық нормалар мен талаптарды сақтайтындарына кепілдік береді. Талаптар орындалмайтын болса, айыппұлдық санкциялар қолданылады. Сайтта қоғамдық бақылау функциясы жұмыс істейді. Кез келген азамат кәсіпорын тарапынан санитарлық нормалардың бұзылғаны жайында шағым түсіре алады. «ИнфоҚазақстан» сайтында әкімдіктер, санитарлық дәрігерлер, полиция, өңірлік палаталар және тұтынушылар лигасы өкілдерінен құралған тұрақты мониторингтік топ жұмыс істейтін болады. Ресурс қызметін бір мезгілде 150 000 тұтынушы пайдалана алады.
Платформа көмегімен кәсіпкерлер бекітілген жұмыс алгоритмдерімен танысып, дайындық туралы чек-листті рәсімдей алады. Сайтта жауапты мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын мониторингтік топ жұмыс істейтін болады InfoKazakhstan платформасына кірген бойда деректеріңіздің бір бөлігі (кәсіпорын атауы, БСН) автоматты түрде жүктелетіні маңызды, қалған формаларды толтыру небәрі 10-15 минут уақыт алады.
Жұмысты бастауға рұқсат алудың тексерумен және тексерусіз екі түрі бар. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бизнес түрлерінің басым бөлігі, шамамен 90 пайызы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылатыны маңызды, яғни мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ жұмысты бастауға болады. Мониторингтік топтың тексеруі сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерьлері сынды кәсіпкерлік түрлеріне қарастырылған.

Н.Ембергенова,
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиалының директоры