АУЫЛ ЖАСТАРЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ
tolqyn.kz Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, аудандық жастар ресурстық орталығы мен "Жас Арал өрендері" ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен ауыл жастарын әлеуметтендіру бойынша кешенді шаралар өткізілуде.
Шаралар барысында жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, қоғамдық қабылдау, жастар арасында спорттық сайыс пен волонтер жылына орай жастарымен кездесулер өткізу жоспарланған.
Кешенді шаралар Бекбауыл, Ақирек және Қамыстыбас ауылдық округтерінде жалғасын тауып, ауыл жастарының ұсыныс-пікірлері ортаға салынды.
Сонымен бірге, спорттық сайысқа қатысқан жастар арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталса, ауылда волонтерлікпен белсене айналысып жатқан белсенді жастарға әдістемелік құралдар мен материалдар табысталды.