Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жүк көліктерін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беріледі

Қазақстанда жүк көліктерін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беріледі

12 қазаннан бастап ӨКМ Операторы Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің келісімімен ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау  бағдарламасына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды egemen.kz ӨКМ операторы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан былай тозығы жеткен жүк және жолаушылар көлігінтапсыратындарға да ақшалай өтемақы беріледі.
Берілетін ақша тапсырылатын көліктердің санатына байланысты айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бойынша бағаланады. Айталық М2, N1 (салмағы 1,3 тоннадан кем көлік құралын қоспағанда)және N2  санатындағы көлік құралдарына144 АЕК (400 032 теңге) беріледі. Осы санаттағы толық емес жиынтықтағыкөліктерге 126 АЕК (350 028 теңге) төленеді.  Ауыр салмақтағы жүк көліктері (М3, N3 санаты) 600 мың теңгеден (216 АЕК) 550 мың теңгеге (198 АЕК) дейін бағаланады.
Көлік тапсырғандарға 2 күн ішінде банктағы шотына ақша аударылады. Айта кету керек көлікті жеңілдік сертификатына алмастыру бағдарламасы уақытша тоқтатылады.
Естеріңізге салайық, істен шыққан көлік құралдырын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламысы іске қосылғаннан бері Қазақстан бойынша 150 мыңға жуық көлік жоюға тапсырылды. Оның ішінде 2596 дана орташа тонналық техника, 600-ге жуық ауыр салмақтағы көлік құралдары бар.Қабылданған барлық машинаҚарағандыдағы ескі көліктерді қайта өңдейтін зауытқа жіберіледі.
13 қазан 2020 ж. 287 0