Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтар қауыннан чипсы жасап жатыр

Қызылордалықтар қауыннан чипсы жасап жатыр

Қызылордада Қорқыт ата университетінің ғалымдары қауыннан чипсы өндіруді қолға алды. Ерекше жобаға мемлекеттік бағдарламадан қаржы қаралып отыр. 
Табиғи өнім алдымен оқу орнының зертханасында дайындалып, тың тәжірибе оң нәтиже берген. Алдағы уақытта қытырлақ қауын өндірісін ұлғайту үшін заманауи кептіру қондырғыларын алу көзделуде. 
Жалпы, Сыр өңірінде қауын шаруашылығы жақсы дамыған, сондықтан шикізат мәселесі туындамайды. Жоба толық жүзеге асса, ғалымдар тәулігіне 300-500 келі қауын чипсыйын өндіруді жоспарлауда.     
"Негізгі идея - жастар арасында дұрыс тамақтануды жолға қою. Осы жобаны қазір біз бастап жатырмыз", - дейді жоба жетекшісі Самалбек Қосанов.

stan.kz

20 қазан 2020 ж. 830 0