Адам ағзасынан жаңа дене мүшесі анықталды

Жаңа мүшені дәрігерлер мойын, тамақ, қуықасты безі және уретрия қатерлі ісігімен ауыратын науқастарға жарық терапиясының әсерін зерттеп жатқанда кездейсоқ тапқан.
Денедегі ісікті анықтау үшін ғалымдар қанға изотоптармен қаныққан глюкозаны енгізеді. Мұндай радиоактив заттар рак клеткаларында көп жиналады және сәулеленудің арқасында ісіктің шекараларын айқын көрсетіп, ауру мүшенің жағдайын бағалауға көмектеседі.

"Зерттеу барысында пайда болған екі мүшенің сілекей безінің өз қасиеттері бар", - дейді Амстердам университетінің хирургі, зерттеудің жетекші авторы Мэтьюс Вальстар.
Бұл сілекей бездері тамақтың сулануына жауап беретіні анықталды.