Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар адам ағзасынан жаңа мүше тапты

Ғалымдар адам ағзасынан жаңа мүше тапты

АҚШ ғалымдары адам денесінде бұрын-соңды белгілі болмаған мүше барын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Российская газета» басылымына сілтеме жасап.

Аталған ағза сұйықтыққа толы микроскопиялық каналдардан тұрады. Ғалымдар оны ішек-қарын жолын эндоскопиялық зерттеу барысында анықтаған.
Зерттеушілер табылған құрылым адамның барлық мүшесінде бар деп болжайды. Ол ағзадағы сұйықтықтың 20 процентін құрайды және амортизациялық қызмет атқарады. Ғалымдар мұндай каналдарды көбінесе мұрын қуысынан тапқан.
Мамандардың айтуынша, бұрын стандартты зерттеулер жүргізу барысында каналдарды құрайтын коллагенді талшықтар үзіліп кете беретіндіктен оларды көру мүмкін болмаған. Сондай-ақ, мамандар бұл құрылым онкологиялық аурулардың пайда болуымен байланысты деген болжам жасап отыр. Осы мәліметтерге сүйене отырып ғалымдар онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа тәсілдерін ұсынбақ.
Baq.kz
01 сәуір 2018 ж. 1 479 0