АРАЛДЫҚ МҰҒАЛІМ ЖИНАҚ КІТАП ШЫҒАРДЫ

Пән мұғалімі бұл әдістемелік құралын Елбасы Н.Назарбаевтың «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында әзірленді. Әдістемелік оқулық 7-9 сынып оқушыларына факультатив сабақтары негізінде «Өлкетану» курсын жүргізу мақсатында ұсынды. Жинақталған материалдар жалпы білім беретін оқу орындарында соның ішінде Қызылорда облысы аумағында 7-11 сынып оқушыларына өз өлкесін танып білуге, Арал өңірі мен Арал теңізінің тарихи – географиялық тұрғыдан зерттелуі, экологиялық жағдайы туралы факультатив сабақтарында оқып білуге арналған.
Айта кетейік, Нұрлан 2017 жылдың 2-5 маусым аралығында Жапонияның Цукуба университетінде өткен ғылыми конференцияда, жапон мектептерінде мұғалімдер мен оқушыларға осы еңбегі негізінде Арал теңізінің жай – күйі, өткені мен бүгіні туралы баяндама жасап қайтқан болатын.
Әріптестері жаңа әдістемелік құралмен танысып, шығармашылық табыс тіледі.