ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАР – ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Кітаптар әлеуметтану, психология, лингвистика, экономика, кәсіпкерлік, дінтану, антропология, журналистика және басқа салалардағы кең ауқымды ғылыми білімді қамтитын оқу құралы болмақ. Сондай-ақ, ғылыми аударма шеңберінде терминология, сөзжасам, стиль және аударма сапасын анықтайтын басқа да аспектілер мен қағидалар айшықталған.
Бұл игі бастама қазақ жастарының шет елдердің әдебиеті мен мәдениетін кеңінен танып-білуіне, өз білімдерін жетілдіруге үлкен септігін тигізгелі отыр. Тіпті, оқулық арқылы әлем елдерінің өзіндік болмысын танып-білген жастардың ғылым-білімге деген қызығушылығы артып, шет елде білім алуға құлшынысы оянары хақ.
Міне, 10 мың дана таралыммен шыққан кітаптар аз уақытта қолымызға тимек. Бұл–біз үшін зор қуаныш. Осындай қарқынмен алдағы күндері де оқулық саны еселене түссе, нұр үстіне нұр болар еді.
Мейрамкүл СӘРСЕНБАЕВА,
№231 орта мектептің мұғалімі.