Әлемдік жауһарлар қазақ тілінде

Бүгінгі білімнің салтанат құрған дәуірінде бұл жобаның бізге берер жемісі өте көп. Әлем елдерімен терезе теңестіру үшін әлемдік жауһарлармен біз де етене таныс болуымыз шарт екені мәлім.
Сондай-ақ, қазақ тіліне аударылған осы кітаптар тек бір бағытта ғана емес, әлеуметтану, философия, психология, экономика және қаржы, тіл біліміне байланысты болып отыр. Бұл да болса ел болашағы - жастардың жаһандық деңгейде дамуына ашылған зор мүмкіндік. Әлемді тану үшін тек өзге елдің тілін білу ғана емес, тарихымен, мәдениетімен, экономикалық даму жолындағы жаңашылдығымен және әлеуетімен жете таныс болу заман талабы. Сонда ғана ел ертеңінің сәулелі болашағына деген сенім артып, елдігі нығаяра түсері хақ.
Осы уақытқа дейін әлемдік деңгейдегі бұл кітаптарды "Болашақ" бағдарламасы аясында шет елдерде білім алған жастарымыз ғана оқу мүмкіндігіне ие болса, енді жерде өз елімізде де еркін танысуға болатыны баршамызды қуантып отыр.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың аяғына дейін осы жоба негізінде тағы 30 кітап қазақ тіліне аударылып, оқырмандарына жол тартатыны да сөз етілді.
Иә, тәуелсіз қазақ елінің ертеңі білімді жастардың қолында. Азаттығымыз мәңгілік болып, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға жол ашқан «100 жаңа оқулық» жобасын қолдаймыз және күтеріміз көп.
С. Махсутқызы,
№87 орта мектептің мұғалімі.