Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін аудан орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді

Бүгін аудан орталығында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді

Орталық... Халық қарасы қалың. Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жәрмеңкені аралап, сөреге қойылған өнім түрлерімен танысып шықты. Күзгі молшылық шарасына ауылдық округтер мен жергілікті кәсіпорындардың өнімдері тұтынушыларға нарық бағамынан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылды.
Жәрмеңкеде ет, балық және сүт өнімдерімен қатар, ас тұзы, жеміс-жидектер, көкөніс түрлері мен сатылымда болған уақ және ірі қара малдарына тұрғындардың сұранысы жоғары болды. 
Жәрмеңкеде бәрі бар. Қырдан, Сырдан әкелінген өнімдерді көпшілік қолдан-қолға тигізбей алуда. Мұндай игі бастамаға ұйытқы болған аудан басшысы Мұхтар Оразбаевқа алғыстарын білдірген тұрғындар жетерлік. Қатар-қатар тізілген көліктер алдында кезекте тұрған адам қарасы көп. Жұртшылық өзіне қажеттісін төменгі бағада еншілеуде. 
Қарақұм қойы, Ақиректің асқабағы талапайға түскендей әсер қалдырады. Қаратерең. Бөген секілді жағалау жұрты әкелген балықты айтсаңшы! Еттің арзаны да осы жерде сатылуда. Картоп қаптап сатылуда. 
Аудан әкімімен меморандумға отырған Саяновтың азық-түлік өнімдері еш жарнамасыз өтуде. 
Иә. осылайша жақсы жәрмеңке өтіп, қала тұрғындары ризашылықтарын білдіруде. Нәтижесінде аралдықтар мұндай жәрмеңкенің жиі болуын қалайтын сияқты. Шынында да, осындай игілікті іс әлеумет үшін маңызды. Жәрмеңкеден қайтқан үлкен-кіші осылай деп барады...
"Толқын" ақпарат.  


31 қазан 2020 ж. 637 0