Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы қалай тағайындалады?
Халыққа қызмет көрсету орталығының #oqy&toqy айдарында, көп балалы отбасыға берілетін жәрдемақыны қалай рәсімдеуге болатыны айтылды.Аталған жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді:
- Тұрғылықты мекен жайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
 - Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
 - Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:
 - Жеке куәлік;
 - Балалардың құжаттары;
 - Банктік есепшот жөніндегі анықтама.
 
Ескерту: 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.
Төлем мөлшері:
4 бала үшін – 16,03 АЕК (44 531 тг);
5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг);
6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг);
7 немесе одан да көп бала үшін – 28,06 АЕК (77 950 тг).
Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні.
kyzylorda-news.kz
		Төлем мөлшері:
4 бала үшін – 16,03 АЕК (44 531 тг);
5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг);
6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг);
7 немесе одан да көп бала үшін – 28,06 АЕК (77 950 тг).
Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні.






		
		



