Тәртіп сақшыларына жаңа қызметтік көліктер табысталды

Жол талғамайтын темір тұлпарлар учаскелік полиция инспекторларының иелігіне берілді. Атап айтқанда, ауданға қарасты «Қарақұм» ауылдық округінің аймақтық учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Шүкіров, «Ақирек» ауылдық округінің аймақтық учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ә.Ідірісов және Арал қаласы бойынша №3 учаскелік тірек пунктінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Тарғынов тұтастай заманауи құрылғылармен жабдықталған су жаңа көліктерді тізгіндеді.
Аталған автокөліктер учаскелік полиция инспекторларының қызметінің жеделдігін арттыруға, қылмыстың алдын алу бағытында және аудан көлемінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде елеулі септігін тигізері анық.



