Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қазақстан мемлекеттік статистикасының құрылғанына 100 жыл

Биыл Қазақстан мемлекеттік статистикасының құрылғанына 100 жыл


Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Арал аудандық Статистика басқармасының қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Жиында аудан басшысы: - «Статистика саласы – билік органдарымен қоғамды жан-жақты әрі шынайы, нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару жүйесінің айрықша маңызды саласы. Аудан экономикасының қарқынын, әлеуметтік-экономикалық барысын сараптау жолында сіңірген еңбектеріңізге алғысым шексіз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін»- деді.
Кәсіби мерекеге орай Статистика саласын дамытуға елеулі үлес қосып, ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге Ұлттық статистика бюросы басшысының «Құрмет Грамотасы» мен Алғыс хаты, Қызылорда облыстық Статистика департаменті басшысының, облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

11 қараша 2020 ж. 458 0