Батырхан Шукенов бейнеленген пошта маркасы айналымға енді
Батырхан Шукеновке арналған пошта маркасы айналымға енді. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2020 жылдың 30 қазаннан «Батырхан Шукенов» тақырыбындағы «Өнер қайраткерлері бағдарламасы» сериясына арналған пошта маркасы айналымға енгізеді», – делінген хабарламада.










