Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» 20 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

20 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Кyzylorda-news.kz Бүкіләлемдік астрология күні
Астрология (грек тілінде astron – «жұлдыз» және logos – «сөз, ілім») – жер шарына және адамға жұлдыздардың әсер етуі туралы ілім. XX ғасыр аяғында батыс жұлдызшылары астрология күнін наурыздың 20-ында, астрономиялық және астрологиялық жыл басталған уақытта атап өтуді ұсынды. Күн бұл кезде тоқты белгісіне енеді (көктемгі күн мен түннің теңесу күні 20-21 наурызға сәйкес келеді).
Халықаралық бақыт күні
БҰҰ бастамасымен аталып өтетін мереке. 2012 жылы бұл күнді Бутан корольдігі ұсынды. Ұйымның Бас Ассамблеясы өзінің разолюциясында бақытқа ұмтылу адамзаттың негізгін қалаушы күш екенін атап өтіп, бұл күні көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын шараларды жүзеге асыру қажеттігін алған тартқан.
Жер күні
1971 жылы БҰҰ шешімімен наурыздың 20 күні көктемгі күн мен түннің теңелуіне байланысты Жер күнін атап өту ресми түрде бекітілді. Дегенмен, халықаралық мерекелер күнтүзбесінде Жер күні мерекесі екі рет рәсімделген. Яғни, көктемнің күн мен түннің теңелуіне байланысты бүгін өтуде. Ал, екінші дата – 22 сәуірге бекітілген. Бұл датаның негізін қалаған американың қоғам қайраткері Джон Мортон. 1840 жылдары ол табиғатты қорғау және оған күтім жасау бағдарламасы аясында әр адамды аймақты көгалдандыруға шақырады.
1935 жылы «Төте оқу» деген атпен апталық газеттің алғашқы саны жарық көрді. Газеттің алға қойған мақсаты мектептерге, мұғалімдерге, өз беттерінше сауат ашушы адамдарға іс жүзінде көмек беру болды.
1939 жылдан «Сауатты болуға көмекші» деген атпен, латыншадан орыс графикасына көшуге байланысты 1940 жылдан «Жаңа жазу» деген атпен шықты. 1952 жылдың қараша айынан «Қазақстан мұғалімі» деген атпен жарық көрді. Бастауыш және орта мектептердің мұғалімдері мен педагогикалық жоғары оку орындарының студенттеріне арналған.
1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің «Жамбыл облысы «Фурманов» ұжымшарына Жазылбек Қуанышбаевтың атын беру туралы» Қаулысы қабылданды.
1992 жылы республика тәуелсiздiгiнiң символына айналған «Алтын Сарбаз» атты Қазақстанның алғашқы пошта маркасы шығарылды. Дәл осы кезден қазақстандық маркалар дүниежүзi пошта тізбелеріндегі пошта миниатюралары арасында және филателистер каталогтарында өз орнын тапты. Қазiргi күнге дейін 300 жуық марка мен блок шығарылды.
1994 жылы Алматыда Польша Елшілігі ашылды.
2009 жылы «Қазпошта» АҚ көктем мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы аумағында «Наурыз» сериялы пошталық марканы айналымға шығарды. Маркаларда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты көріністер бейнеленген. Ол төрт түспен безендірілген офсеттік тәсілмен басылған. Өлшемі – 50 х 38 мм, тиражы – 30 000 дана. Маркалар Бейжің пошталық төлем белгілер фабрикасында басылды. Безендіруші – Николай Соколов.
---
20 наурыз 2020 ж. 798 0