Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

19 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Кyzylorda-news.kz Дүниежүзілік әлеуметтік жұмыс күні
Әлеуметтік әділеттілік, адам құқықтары және әлеуметтік даму үшін күресетін Халықаралық әлеуметтік жұмысшылар федерациясының бастамасымен жыл сайын наурыздың үшінші сейсенбісінде аталып өтеді.
Халықаралық тұтынушылар күні
Алғаш рет 2010 жылы атап өтілген. Содан бері жыл сайын бұл мерекені Еуропа және Америка елдері қолдап келеді. Атап айтқанда бұл күні кәсіпкерлер тұтынушыларына ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, өздерінің ризашылығын білдіреді.
1931 жылы Қазақстандағы алғашқы әрі алдынғы қатарлы медициналық оқу ордасының бірі – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық академиясы ашылды.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Жоғарғы сот кеңесінің бірінші мәжілісі өтті.
2007 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Катардың жоғары мемлекеттік наградасы – «Тәуелсіздік» орденімен марапатталды. Орденді 1978 жылы Катар әмірі Халифа бин Хамад әл-Тани елдер арасындағы достықты дамытуға қосқан үлесі үшін шетелдік мемлекет басшыларын, үкімет басшыларын марапаттау үшін бекіткен.
19 наурыз 2020 ж. 516 0