Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезі өтіп жатыр

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезі өтіп жатыр

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезі жұмысын бастады. Съезд ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алқалы жиын барысында Мәжіліске арналған партиялық тізім, сондай-ақ жұмыс органдарының құрамы мен өзге де өзекті мәселелер қаралады. 126 кандидаттан құралған тізім Nur Otan партиясының ХХ съезіне ұсынылады.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.
Жиында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанына назар аудартты.
Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға тоқталды.
«Праймеризге қатысушылардың үштен бір бөлігі және партиялық тізімге енген әрбір бесінші адам – жастар. Партиялық тізімнің 30 процентін әйелдер құрайды. Сонымен бірге партия тізімінде көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, бизнес өкілдері, жұмысшылар мен қызметкерлер бар. Праймеризге қатысқан партияның әрбір үшінші жаңа мүшесі жеңіске жетті. Осылайша, біз «Nur Otan» партиясының жұмысын жүйелі түрде қайта жандандыруды аяқтадық. Қазақта «Жүре берсең, көре бересің» деген сөз бар. Мінекей, съезді қашықтан өткізуге мәжбүр болып отырмыз. Осындай заманға тап келдік. Бұл да өміріміздің бір саласы болып есімде қалады. Аманшылық болса, алдағы уақытта кездесіп, шүйіркелесіп, жүздесіп, құшақтасатын боламыз. Сол күнге тезірек жеткізсін « , – деді съезд жұмысын ашқан Елбасы.
kyzylorda-news.kz​​​
25 қараша 2020 ж. 448 0