Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны азайып келеді

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны азайып келеді

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 670 адамның коронавирус індетіне шалдыққаны белгілі болды.
Бір күн бұрын, дүйсенбіде 712, ал жексенбіде 773 науқас тіркелген болатын.
7 желтоқсанда Қызылорда және Ақтөбе облыстарында қауіпті вирусты жұқтырған бірде-бір адам анықталған жоқ.  
Өңірлер бойынша мәлімет:
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 41,
  • Алматы қаласы – 65,
  • Шымкент қаласы – 2,
  • Ақмола облысы – 60,
  • Алматы облысы – 23,
  • Атырау облысы – 61,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 71,
  • Жамбыл облысы – 18,
  • Батыс Қазақстан облысы – 40,
  • Қарағанды облысы – 30,
  • Қостанай облысы – 75,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 104,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 75,
  • Түркістан облысы – 4.
 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 137 653.
kyzylorda-news.kz
08 желтоқсан 2020 ж. 249 0