"Еліміз өзіңмен мақтанады": Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.
"Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады!", – деп жазды мемлекет басшысы.
Аталған байрақты жекпе-жек Голливудта өтті (АҚШ, Флорида штаты). Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.
Айта кеткен жөн, қазақстандық боксшы және орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметаны жеңгеніне байланысты мәлімдеме жасаған еді.
kaz.nur.kz