Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылды дамыту жұмысты нәтижелі етеді

Ауылды дамыту жұмысты нәтижелі етеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясының ашылуына қатысып, халыққа Үндеу жасады. Бірқатар ел ішіндегі өзекті мәселені көтерген Мемлекет басшысының елді мекендерді дамыту керек екендігін айтуы алыстағы ағайынның көңілін бір серпілтіп тастады.
 Өңірлерді, қалаларды, аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық берілетіндігін айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауылды жаңғыртамыз, деді. Мұнан соң айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді, – деді Мемлекет басшысы.
Бұл тұрғыда Арал ауданында оң өзгерістер бар. Биылдың өзінде елдегі ахуалға қарамастан, ауылдық жерлердің жолдары жөнделіп, ауызсу, газ құбырына қосылды.  Автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында бірқатар елді мекендердің автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, аудандағы су азабын тартып отырған  елді мекендердің көбі орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылды. Көптен бері көкейтесті сауалға айналған байланыс құрылғысы да ауылдық жердегі ағайынның қуанышын еселей түсті. Аудан орталығынан шалғай жатқан бірқатар елді мекендер ұялы байланыс құрылғысын пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізді.
Міне, осының бәрі мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істер. Біз, ауылдағы ағайын елде істеліп жатқан жұмыстарға зор ризашылықпен оң бағамызды береміз. Мұндай бастамалардың алдағы уақытта жалғасын табатынына зор сеніммен қараймыз.
Сердалы Шалбаев,
Жаңақұрылыс ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
15 қаңтар 2021 ж. 699 0