Облыс әкімінің орынбасары «Спутник V» вакцинасын салдырды

Бүгінде облыс бойынша 14 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек, шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 46 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылды.
Қазір облыс «жасыл» аймақта. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күрделенген жағдайда 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылатын болады. 54 фильтр кабинеті, қосымша 79 телефон шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ, үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік қарастырылған.
kyzylorda-news.kz