Қызылордада 5500 оқушы олимпиадаға қатысты

Олимпиада жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 16 пән бойынша өткізілуде. Оған барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 7 аудан мен Қызылорда қаласынан 5500-ден астам оқушы қатысты.
Олимпиаданы ашық өткізу мақсатында барлық пән бойынша кабинеттерде камера орнатылып, емтихан барысы YouTube желісі, ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирден көрсетілуде.
kyzylorda-news.kz