Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті мәселелер талқыланды


Кеше аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен өткізілген мәжілісте аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Н. Бохаевтың аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2020 жылы атқарылған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы хабарламасы тыңдалды.Мәжіліске дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжіліс барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р. Бисеновтің 2020 жылдың талдамалық қорытындысына сәйкес облыс көлемінде мемлекеттік қызмет саласында орын алған заң бұзушылықтарға тоқталып өтті. Орын алған кемшіліктерге байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті тарапынан ұсынылған тапсырмалардың орындалуы мен алдын алу мақсатында атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердегі қызметтік автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта және мереке күндері пайдаланбау жөнінде қатаң тапсырма берілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының «Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 26 сәуірде № 69 бұйрығымен мемлекеттік қызметшілердің сәйкестендіру карталарын (ID карталар) алып, ағымдағы жылдың мамыр айына дейін аяқтау тапсырылды.
Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелердегі қызметшілердің артық жұмыс жасау фактілері болған жағдайда Еңбек қодексінің 77-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 32-бабының 4-тармағында көрсетілген тәртіппен ғана үстеме жұмысқа тартуды, үстеме жұмыс үшін заңнамамен көзделген демалыс күндері (сағаттары) берілуін, өтемақы төленуін заңға сәйкес орындалуы қатаң ескертілді.
Бұдан бөлек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р. Бисеновтің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 02-22/1546 санды тапсырмасына сәйкес, «Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне тоқталды.
Мемлекеттік органдардағы персоналды басқару қызметі әр мемлекеттік қызметшіге қатысты деректерді «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесіне енгізіп, персоналды басқару қызметінің жұмысының өнімділігін арттыруға, жеке деректер, ұйымдастыру бойынша мәліметтер (кадрлық есепке алу), кәсіби және жеке бас құзіреті жайлы мәліметтер, білімі, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, аттестаттау және бағалау нәтижелері, марапаттау және әкімішілікпен тәртіптік жаза туралы мәліметтері уақытылы енгізілу қажеттілігі айтылды.
Қазіргі уақытта өңірлерде қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілді. Сондықтан үйде немесе адамдар көп жиналатын өзге де орындарда банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.
Осыған орай, мекемедегі қызметкерлердің жоғарыда аталған рейд жұмыстары кезінде тиым салынған орындарда жүргендігі анықталатын болса Заңға сәйкес қатаң шаралар қабылданатындығын ескертті.
Сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің электронды форматқа көшірілуін арттыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бірден бір себеп екендігіне тоқталды.
Әдеп жөніндегі уәкіл бұдан бөлек, 2021 жылдың қаңтар айының қорытындысымен ауданның жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін 58 мемлекеттік қызмет түрі бойынша барлығы 1920 мемлекеттік қызмет көрсетілгендігін атап өтті.
2020 жылдың 12 айында тұрғындарға барлығы 28 519 қызмет көрсетілген.
Оның ішінде: мемлекеттік орган арқылы 9 672, мемлекеттік корпорация арқылы 3 865 электронды үкімет порталы арқылы 14 923 қызмет көрсетілген. Өткен жылмен салыстырғанда биыл мемлекеттік орган арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 61 пайыздан 35 пайызға, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызмет 12,8 пайыздан 12 пайызға азайып отыр. Ал электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген қызмет керісінше 26 пайыздан 53 пайызға ұлғайған.
Өткен жылы ұялы байланыс қызметіне қосылған Жіңішкеқұм, Аққұлақ, Жаңақұрылыс, Тоқабай, Абай, Ерімбетжаға, Құланды, Жаңақоныс, Қосаман, Ақеспе, Ақбасты, Жалаңаш, Шөмішкөл, Сазды, Сапақ елді мекеніне Beeline және Kcell операторы арқылы байланыс орнатылып, мобильді интернетке қол жеткізу үшін операторлар тарапынан монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Осыған орай, елді мекен тұрғындарын аудан орталығына келмей-ақ, қызмет түрлерін мобильді қосымша арқылы алуды кезең-кезеңімен үйрету, электронды қызметті пайдалану деңгейін арттыру үшін арнaйы іс-шара жоспары бекітілген.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р. Бисеновтың 2021 жылғы 29 қаңтардағы №03-08/133 санды тапсырмасындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша жүргізілген бақылау шаралары нәтижесінде анықталған кемшіліктер талданды.
Мәжіліс соңында тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне жүйелі жұмыс жасау керек екендігі айтылып, нақты тапсырмалар берілді.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 ақпан 2021 ж. 400 0