Г. Әбдіқалықова: «Осы жылы «Қараөзек» және «Күміскеткен» су қоймаларының құрылысы басталады»
Биыл Қызылорда облысында жалпы құны 3,8 млрд. теңге болатын «Қараөзек» және «Күміскеткен» су қоймаларының жобалау құжаттамалары аяқталған соң, құрылысын басталмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.
Бүгінгі күні өңірде Қызылорда және Әйтек су тораптарын қайта жаңғырту және Жалағаш ауданындағы дренаж-суару жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Жиделі су қоймасын жөндеу жұмыстары аяқталып, былтыр пайдалануға берілді.
Аймақ басшысының айтуынша, осы жылы Үкіметтің қолдауымен «Көкарал» бөгетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жобаның құны 4,7 млрд. теңгені құрайды.
kyzylorda-news.kz