Жайылымдық жерлерді мақсатты пайдалану жолдары түсіндірілді

Аудан бойынша ауылдық елді мекендердегі шаруа қожалықтарына тиесілі игерусіз жатқан бірнеше жер учаскесі анықталып отыр.
Соған сәйкес, Жәнібек Жарасұлы шаруа қожалығының иелері ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға алып, алайда игерусіз қалған жерлерді мемлекет меншігіне өз бетінше қайтару қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, қала, кент және ауылдық әкімдеріне елді мекендердегі қожалық иелерімен және жеке кәсіпкерлермен кездесіп, мал басын тіркеу немесе игерілмеген жер учаскесін қысқарту жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Аталған талаптар орындалмаған жағдайда тиесілі жер уческесінің өз мақсатында толық пайданылмағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара көрілетіндігін қожалық иелеріне жеткізу қажеттігін айтты.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

