Жайылымдық жерлердің пайдаланылуы бақылауда

Аудан бойынша шаруа немесе фермер қожалығы, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатында 556 жайылымдық жер пайдаланушы бар.
Жайылымдық жер учаскелерінің жалпы көлемі 406556 гектарды құрайды.
Жұмысшы топпен жүргізілген талдаумен 20 жер учаскесінің иесі жерді мақсатына сай пайдаланылмайтыны анықталған (жалпы көлемі 14 381 гектар).
Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің 509-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 338-бабына сай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Құрметті жайылымдық жерді пайдаланушылар, жоғарыдағы көрсетілген қолданатын шараларды ескере отырып, жайылымдық жерлерді мақсатына сай пайдалануға немесе мал жануарларын ветеринария саласының бірдейлендіру дерек қорына тіркеуге шақырамыз!
Арал аудандық прокуратурасы