Ант беру – елге қызмет ету

- Қызылорда қаласының әскери-техникалық мектебінің 2021 жылғы алғашқы курсантымын. Өзіме керекті, ер азаматтың бойында кездесетін көптеген нәрселерді үйрендім. Қырық күн ішінде бірнеше дос таптым. Оқу-жаттығу алаңдарында болып, әскери өмірдің қырларын меңгердім. Ант қабылдағаннан кейінгі сезімім ерекше. Алда әскери қызмет атқарсам деген ойдамын, - дейді әскери-техникалық мектебінің түлегі Таңат Балқыбай.
Қарулы Күштер мен әскери тәртіп туралы мәлімет беріп, жас сарбаздарды темірдей тәртіпке баулитын әскери-техникалық мектепті тәмамдап отырған түлектер аз емес. Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебі алдағы уақытта да Отанға адал қызмет ететін мамандарды қабылдауын жалғастыра бермек.


