Сыр өңірінен 700-ге жуық азамат әскерге барады

Барлық аудандық, қалалық шақыру және облыстық жиын пункті көктемгі мерзімді әскери шақыруға толық дайын. Медициналық комиссиялар тиісті білікті дәрігер мамандармен және медициналық құралдармен толық қамтылған. Алғашқы команданы 6 наурызда Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 19 азаматты жіберетін боламыз, – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев.
Мамандардың айтуынша, барлық санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады.
Әскерге шақырылушылардан міндетті түрде әскери бөлімдерде, арнайы пункттерде ПТР-талдамасы алынады. Ал, шақырылушыларға екпе жүргізу келген әскери бөлімде, яғни, қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады, - деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшығының орынбасары – жасақтау басқармасының басшысы Дмитрий Жерегя.
baq.kz