Мереке күні облыста 59 нәресте дүниеге келді

Мереке күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов перинаталдық орталықта босанған аналарды құттықтады. Демографияға үлес қосқаны үшін аналарға алғыс айтып, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстады.
Айта кету керек, сол күні бұл орталықта кешкі 18.00-ге дейін 22 сәби туған. Оның 13-і қыз болса, 9-ы ұл.
syrboyi.kz