Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сексеуіл кенті, Ақирек, Қосаман ауылдық округтерінің және Арал қаласы тұрғындарымен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауда азаматтар жұмысқа орналасу, жер телімдерін алу, тұрғын үй, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша жүгінді. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.
Сонымен бірге, бірқатар мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
13 наурыз 2021 ж. 706 0