Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды

Қызылордада үздік тергеуші мен анықтаушы марапатталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан қиын да жауапты саланың үздік мамандарын марапаттады.           
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің аға тергеушісі полиция аға лейтенанты Сұлтан Рысбай «Үздік тергеуші» болып танылса, жас та болса, қайсарлығымен көзге түскен Қызылорда қаласы Полиция басқармасының аға анықтаушысы полиция аға лейтенанты Мәди Қайсариев «Үздік анықтаушы» атанды.  
«Жауапты қызметті абыроймен атқарып,  жақсы нәтижелермен көзге түскен қызметкерлерді марапаттарымен құттықтап, алғыс білдіреміз. Атқарып отырған еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!», – деді Департамент бастығы Бектөре Жеңісбайұлы.      
Марапаттау рәсімінде барлық санитарлық талаптар сақталды. 

kyzylorda-news.kz
19 наурыз 2021 ж. 936 0