Жаңа Кодекс 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстегі тағы бір жаңалық судья құзыретіне қатысты. Соған сәйкес, жаңа заңнаманы негіз еткен судьялар мемлекеттік орган мен жеке азаматтар әкелген дәлел-дәйектерді қанағат тұтып отырмайды. Қажет еткен жағдайда судья істі нақтылауға көмектесетін дәлелдерді, құжаттарды қосымша сұратып, өз бастамасымен оларды жинауға құзырлы.
– Сонымен бірге Кодекстегі ерекшелік сот өзі қабылдаған шешімнің орындалуына тікелей бақылау жасайды. Кодекске «Сот бақылауы» деген арнайы тарау енгізілген. Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде сот орындау үшін жауапкерге жібереді. Жауапкер әкімшілік іс бойынша соттың шешімін заңды күшіне енген күнінен бастап бір ай мерзімде орындауға міндетті, ол туралы сотқа хабарлауға тиіс. Егер соттың шешімінде белгіленген мерзімде ол ерікті түрде орындалмаған жағдайда, бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 127-бабында белгіленген мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолданады, – деді спикерлер.
Оған қоса сотта медиация жүргізу тәртібіне сәйкес, бірінші сатыдағы сотта медиация жүргізу үшін әкімшілік іс медиация туралы келісімді бекітетін басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны әкімшілік істі іс жүргізуші судья жүргізуі мүмкін