Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот жүйесінде қандай өзгерістер бар?

Сот жүйесінде қандай өзгерістер бар?

Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 10 маусымында «ҚР Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық сотының судьясы Шолпан Маликова.
«Аталған заң аясында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде судьяның процестік рөлі нақтыланып, оған құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау, процеске тиімді басшылық жасау, судьяға іс жүргізуде қосымша тараптардың істің мән-жайларын талқылау, олардың құқықтық ұстанымдары мен дәлелдерін нақтылау, іске қатысушы азаматтарға сұрақтар қою, іс материалдарын жинау және зерттеу бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде өз бастамасымен сот тапсырмаларын беру, дәлелдемелерді талап ету және тағы да басқа өкілеттіліктер берілген. Заң бойынша бірқатар жағдайда судья өз қалауы бойынша сот отырысын өткізу қажеттігін айқындап, кейбір мәселелерді жеке сот актісін қабылдамай шешеді, ал оңайлатылған іс жүргізу ісін қарау тек электрондық форматта жүргізіледі. Сонымен бірге, жеке сот актісін қабылдамай шешілетін мәселелер, процеске қатысушылардың техникалық құралды пайдалану тәртібін реттейтін нормалар, татуластыру рәсімдері және тағы басқа заңнамаға елеулі жаңашылдықтар енгізілді», – деді Шолпан Маратқызы.
22 тамыз 2020 ж. 670 0