Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық Процестік Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Азаматтық Процестік Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған дөңгелек үстел онлайн режимінде өткізілді.

Шараға заң консультанттары және адвокаттар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы К.Сәдуақасова Азаматтық Процестік Кодекстің нормаларына енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталды.
Сот төрағасы өз сөзінде судьяның іс жүргізу белсенділігін арттыру, дауды бітімгерлі рәсімімен шешуге ынталандыру, азаматтардың мобильді қосымшалардың көмегімен қашықтан қатысуын қамтамасыз етуді көздейтін сот ісін жүргізудің электрондық форматын енгізу, процеске қатысушыларға техникалық құралдарды пайдалануға рұқсат беру сияқты жаңашылдықтарға кеңінен тоқталды.Шара соңында қатысушылар заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша өз пікірлерін білдірді.
26 маусым 2020 ж. 618 0