Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖАҚСЫҚЫЛЫШ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖАҚСЫҚЫЛЫШ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме жүргізу мақсатында Арал ауданының прокуроры Асхат Тәженов ауданға қарасты Жақсықылыш кентінің халқымен және "Аралтұз" АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан прокуроры тұрғындарға 27.12.2019 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адамдардың құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа заңның нормаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Атап өту қажет, аталған жаңа заңға сәйкес қылмыстың кейбір түрлерінің жазалары қатаңдатылған. Оның ішінде зорлау қылмыстары, көлік құралдарын мас күйде басқару, браконьерлік, есіртікі заттарының заңсыз айналымы және мал ұрлығы өз алдына жеке дара бап ретінде енгізіліп отыр.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
20 қаңтар 2020 ж. 739 0