Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ынтымақтастық меморандумы жасалды

Ынтымақтастық меморандумы жасалды

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев "Транстелеком" АҚ Қызылорда қаласындағы "Қызылордатранстелеком» филиалының басқарушы директоры Бағлан Құдияровпен кездесті.
Кездесу барысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында Арал ауданы әкімдігі мен "Транстелеком" АҚ Қызылорда қаласындағы "Қызылордатранстелеком" филиалы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Аталған екі тарап тарапынан жасалған меморандум аясында тұрғын-үй шаруашылық, кешендік қауіпсіздік жүйелері мен әлсіз токты желілерді жандандыру, сондай-ақ ауданды дамыту шеңберінде басқа да бірегей шешімдер мен қызметтерді ұсыну мүмкіндігі мәселелері бойынша инфотелекоммуникациялық саланы іске асыру туралы шешім қабылданды.
Атап өтейік, бұған дейін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде "Транстелеком" АҚ арқылы тұрғындар саны 250-ден асатын 4 елді мекен оптикалық талшықты кабельмен жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған болатын.


"Толқын" ақпарат








31 наурыз 2021 ж. 461 0