Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 14 ауыл кең жолақты интернетке қосылды

Қызылорда облысында 14 ауыл кең жолақты интернетке қосылды

Қызылорда облысында талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы аяқталып, 14 ауылдық елді мекен кең жолақты интернетке қосылды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Ауылға интернет жеткенмен, үйлерге кірген жоқ. Ал мемлекеттік 4 мекеме кең жолақты интернетке қосылған. Тұрғындар қазір 30 шақырым жердегі аудан орталығына сабылмай, құжаттамалық жұмыстарын ауыл әкімдігіне келіп бірыңғайлап жүр.
Енді қалған тұрғындарға да алдағы жылы үйді-үйіне қазып, кіргізіп береміз деп отыр. Қазір 60 шақты тұрғын өтініш берді, - дейді Жиделіарық ауылының әкімі Ерлан Әбілдашев.
Өңірде карантинге, күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы кестеден жаңылған жоқ. 14 ауылға 206 шақырым бойы осындай желі тартылып, 52 мемлекеттік мекеме жылдамдығы жоғары интернетке қосылды. Айтулы жобаның арқасында мұғалім, дәрігер, мемлекеттік қызметшілер электронды қызметтерді кедергісіз қолдану мүмкіндігіне ие болды.Айта кетейік, талшықты-оптикалық байланыс желісі тұрғын саны 250-ден астатын елді мекендерге тартылатын болады. Сондай-ақ, бүгінде ауылдық жерлерде 3G/4G мобильді желілерін қамту жұмыстары жүріп жатыр.
https://baq.kz/
26 тамыз 2020 ж. 519 0