Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » #Qvine жас вайнерлер байқауы өтуде

#Qvine жас вайнерлер байқауы өтуде

«Сыр үміті» жастар қауымдастығының бастамасымен #Qvine жас вайнерлер байқауы жарияланды.
Байқауға Қызылорда облысындағы әрбір жас қатыса алады. Қатысушылар «Туған жер», «30 жыл алға ұмтылыс» және еркін тақырыптың бірін ғана таңдай отырып вайн түсіруі қажет. Түсірілген вайнды және өзі туралы қысқаша ақпаратты +7700-797-05-08 байланыс телефонына Telegram арқылы жолдайды. Сондай-ақ, жалпы ережеде қатысушы өзінің вайнын «Instagram» желісінде @syr_umiti парақшасын белгілей отырып, #Сырүміті #Қатысушы #Qvine хештегтерімен жариялау қажеттігі айтылған. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Видеоларды қабылдау уақыты -26 наурыз бен 10 сәуір аралығы.

syrboyi.kz
01 сәуір 2021 ж. 215 0