«ДАРАБОЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Бұл байқау - балалардың өнері шыңдалып, жұлдызы жануына үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ, дәстүрлі ән мен күй және жыраулық өнердің мәртебесін арттыру, ұрпақ санасына сіңіру жолындағы маңызы ерекше.
180-ге жуық байқауға қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай аспапта ойнау, көркемсөз оқу, ақындық өнер, бейнелеу өнері сынды түрлі жанр бойынша бақ сынауда.
Қызылорда, Қазалы, Байқоңыр қалаларының және Арал ауданының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салуда.
Үздік деп танылған қатысушылар «Атадан-мұра» қоры байқауларының суперфиналына іріктелетін болады.