Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды

Аталған шара барысында аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы А.Байзахов баяндама жасап, жыл басынан қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген өзгерістерге, сондай-ақ өткен жылдың қорытындысы бойынша орын алған кемшіліктер мен бұзушылықтарға және осы уақытқа дейін бөлім тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Семинар барысында мамандар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сұрақтарға толығымен жауап берілді.


