Мемлекет басшысы Алексей Цойға ескерту жасады

Президент коронавирусқа қарсы вакциналардың жоғары температуралық сезімталдығы бар екенін айтты.
Оларды тасымалдаудың, сақтаудың, тікелей егудің барлық аспектілерін нақты қарастырған жөн. Алексей Владимирович, мен осыған дейін қазір Үкіметтегі басты «фигура» денсаулық сақтау министрі екенін айтым. Қазір сіздің құзыретіңіз ерекше болып отыр. Сіз жұмыс істеуді жақсы бастадыңыз. Бірақ қазір жұмыс айналымы бәсеңдеді. Сәуір айында жағдайды қалыпқа келтіруіңіз қажет. Олай болмаған жағдайда сіздің көңіліңізге тиетін кадрлық шешім жүзеге асырылады. Бұл тек денсаулық сақтау министріне ғана емес бүкіл Үкіметке қатысты, - деді Президент.
baq.kz