Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылордада Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қызылордада Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Қызылорда қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов Ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, мерейтоймен құттықтады.

Бүгінде Отан алдындағы борышын өтеу жолында асқан ерлік көрсеткен ардагерлердің бірі Рашид Сәбитұлы жетпіс жасқа және Нұржан Ғаниұлы алпысқа толған мейрейтойларын атап өтуде.

Елдің ертеңі үшін қалтықсыз қызмет жасаған, өз Отанына деген шынайы жанашыр аға буын өкілдерін ұлықтау, құрмет көрсету назардан тыс қалған емес. Осы орайда, Асқарбек Темірбекұлы от пен оқтың ортасынан елге аман-есен оралып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде өз үлестерін қосып жүрген Ауған соғысының ардагерлеріне шынайы алғысын жеткізе отырып, құрметпен шапан жапты.

Ауған соғысының ардагері Әлібек Жаров ардагерлерге көрсетілген құрмет үшін алғысын жеткізіп, еліміздің өркендеу жолындағы еңбекке табыс, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір тіледі.


kyzylorda-news.kz
07 сәуір 2021 ж. 49 0